DataLife Engine / Ілияс Жансүгіров (Біздің күз)

Ілияс Жансүгіров (Біздің күз)

От жақтырды жауратып
Шыңылтар күзгі тымырсық.
Маздаған от болмаса,
Кемпір мен шал ыңырсып.
Қара қи қалап от жанса,
Жылынар бала жыбыршып,
Бүрсеңінен жазылар
Қызыл қарын, бұғы шыт.
Кәрі қойдың сорпасы,
Таңдайға татыр жылымшып.
Атасы берген жілікті,
Келіні тістер қылымсып.
Қойшыға жылытқан көженің
Бет, ауызы мың қылшық.
Ылақ, тоқты күйлесе
«Шашыратқы» дер ырымсып.
Қора жамап Бекей жүр;
Өзгелерден бүйірсіп,
Ат майлап мініп Әлі жүр
Мал тапқыш, арқан ұрысып;
Қызды ауылда Ержан жүр,
Баямбайдың ұлысып.
Барын жөндеп бақгырмай,
Жоғын жөндеп таптырмай,
Әлі менен Ержанды
Иектеп жүр бір қырсық.
02.05.2014
Вернуться назад