DataLife Engine / Ілияс Жансүгіров (Жүдеу жүрек)

Ілияс Жансүгіров (Жүдеу жүрек)

Былапыт,
Ылат,
Былжыр күз.
Тұнжыр қабақ ,
Қылжыр көз.
Қыр қызықсыз,
Тау түрсіз.
Су сұрықсыз,
Сүйкімсіз.
Жылауық көз -
Сылбыр күз.
Көріксіз,
Әрсіз,
Ажарсыз.
Сілбірең
Тұман,
Көңілсіз,
Жауын
Айсыз,
Жұлдызсыз.
Түн,
Түнек
Түтін...
Үй жалғыз.
Отын дым,
От бықсиды.
Үрлейді қатын,
Сықсиды.
Қайнамай қазан,
Түксиді,
Мұкаш
Бүкшиді.
Ірге күңгірт
Көлеңке.
Бұрылды солай
Шүй желке.
Көрдей күңгірт
Үңгірде
Жатыр төсек,
Кір көрпе.
Кеше ғана үйге енген
Кеткен тоқал сүйгенмен.
Жүрегі сыздап,
Бой мұздап,
- Үһ! - деді
Іші күйгеннен.
02.05.2014
Вернуться назад