DataLife Engine / Сәкен Сейфуллин (Жеке батыр)

Сәкен Сейфуллин (Жеке батыр)

Болыпты баяғыда Жеке батыр...
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп,
Сол батыр бүгінгеше ұйықтап жатыр.
Сол батыр осы күні бір үлкен тау,
Көз жұмған көкке қарап сыры үлкен тау.
"Ұйықтаған батыр" дейді таудың атын,
Адамша көлбеп жатқан қыры үлкен тау.
Батырдың қырыққа таяу келген жасы,
Денесі биік жота, таудай басы,
Сақалы төсін жапқан, қыр мұрынды,
Киюлі баста жатыр дулығасы.
19.04.2014
Вернуться назад