DataLife Engine / Сәкен Сейфуллин (Қырда)

Сәкен Сейфуллин (Қырда)

Күңіреніп қырда отырып көкірек кернеп,
Ән салдым домбыра алып ырғап, тербеп.
Аузымнан өлеңімді қағып алып,
Ызыңдап кетті жаттап асау жел кеп.
Асау жел саулап жаттап кетті сарнап,
Аралап Сарыарқаны кезіп - шарлап.
Ән салдым қырда отырып көкірек кернеп.
Кім білсе желдің тілін соған арнап.
19.04.2014
Вернуться назад