DataLife Engine / Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Нәпсi аждаһа)

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Нәпсi аждаһа)

Дүние, ойлай берсем, жалған дейдi,
Әркім дi әлекке тек салған дейдi.
Дүниенi өле-өлгенше қуып-қуып,
Ауызы аңқиып [құр босқа] қалған дейдi.

Хикаят сөз бастайын әуел бастан,
Бұл күнде жүйрiк қайда таптан асқан?!
Сөзім дi құп тыңдайтын ғазиз болса,
Хикаят сөз жазайын бiраз дастан.

Заманды жылдан-жалға қуландырды,
Бойыңды алтын-күміс буландырды.
Келгенде жүз-тоқсанға бiр өлім бар,
Көзiңдi әлi-ақ бiр күн суландырды.

Дүниеден неше-неше өттi-ау жандар,
Құдайдан зар жылайды қорыққандар.
Кеудемде түрлi-түрлi уақиғам бар,
Айтайын, тыңдасаңыз, жарандар!

Өтiптi бiзден бұрын Мұрсалдары,
Дүниеден өтпеймін деп соның бәрi.
Қызығы бiр күнгiдей болмайды екен,
Патшалық, тақта тұрып, құрсаң-дағы!

Арасы – топырақ пен алтын, күміс,
Ағаштың бәрiне де бiтпес жеміс.
Бiреу-бай, бiреу-жарлы, бiреу-кәрiп,
Дүниенi жаратқан жоқ тiптi тегiс.

Алтыннан жер астында кім ге пайда?
Дүниеде ажал келсе, болмас айла,
Болмағың жақсы-жаман Құдiреттен,
Шөп шықпас, су жүрмесе терең сайға!

Бiз-түлкi, ажал бүркiт қоймайтұғын,
Нәпсіміз- бiр аждаһа тоймайтұғын.
Күнәмыз- мықтап тиген ол- бiр киім ,
Нәрсеге одан басқа болмайтұғын!

Тiліміз- өткiр қылыш қойған қайрап,
Жұтады отыз тiсiң, нәпсiң шайнап.
Тамырың алпыс екi-жiп секiлдi
Бекiтiп дүниенi қойған байлап!
11.03.2014
Вернуться назад