DataLife Engine / Қалқаман Сарин (Сен...)

Қалқаман Сарин (Сен...)

Қиналып мүлде тағы боп барам,
Жүрегім – құса, көңіл – мұң.
Түсіндім енді, сәні жоқ маған
Өзіңсіз мынау өмірдің.

Осы болды ма түсінгендегің?
Жанымды кеттің мұңға орап.
Құрысын бәрі, ішімнен бүгін
Қасірет қардай тұр борап.

Өзіңмен жүрген кезім есімде,
Күндерім, айлы түндерім.
Сен әлі солай сезінесің бе,
Мен оны, жаным, білмедім…
30.01.2014
Вернуться назад