DataLife Engine / Мен жүріппін бәріне беріліп тең, Қызық қуып, сән....

Мен жүріппін бәріне беріліп тең, Қызық қуып, сән....

Мен жүріппін бәріне беріліп тең,
Қызық қуып, сән құрып серілікпен.
Әлде, шіркін, жігіттің мінезі ме,
Бір өзіңе қараушы ем тек үмітпен.

Шын бақытым болмас деп мәңгі ол менің,
Қылығыңа құмартып мән бермедім.
Жо-жоқ, жаным! Қалыпты-ау өшпестей боп,
Жүрегімде сақталып сәнді өрнегің.

Мүлде арылып жас жаным құса-мұңнан
Жайдары едім, көңілім – құс ағылған.
Өмірімнің көзайым қуанышы ең,
Көре алмадым мен сені құшағымнан.
Жүрек, шіркін! Шарқ ұрып тағы ұмтылдым.
Жаным, бірақ тартынып, сәл іркілдің.
Мезгіл сол ма? Білмеймін, сездім сонда
Тым алыста қалғанын сағым күннің.

30.01.2014
Вернуться назад