DataLife Engine / Фариза Оңғарсынова (Жылу)

Фариза Оңғарсынова (Жылу)

Жылылықтан жаралған
Құшағы оның –таң мекен.
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен?

Мейірім – нұр төгілген
Күн көзіндей жанары,
Ойымды оқып өңімнен,
Дірілдейді қабағы.

Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті адам бар ма екен?!

Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.
02.03.2016
Вернуться назад