DataLife Engine / Фариза Оңғарсынова (Қыз сыры)

Фариза Оңғарсынова (Қыз сыры)

Жігіттердің жүрегін
ұрлай бергім келмейді.
Сүйдім деген тілегін
тыңдай бергім келмейді.

Кез келгенін ғашық қып,
әлек еткім келмейді.
Аз күндік жай машық қып
және де өткім келмейді.

Алғашқы арман-тілекті
шетке ысырғым келмейді.
Бірді сүйген жүректі
көпке ұсынғым келмейді.
01.05.2019
Вернуться назад