DataLife Engine / Қызылорда қаласы

Қызылорда қаласы

Қызылордам - туған қалам

Қызылорда қаласы
Болған бір кез астана.
Ал бүгінде құлпырып,
Өркен жайған жас қала.

Сұлу сырдың бойында
Жағажай да салынды.
Ми қайнатар ыстықта
Жадыратар жаныңды.

Сарқырама каналы
Жаңартылды қайтадан.
Оны дағы мен бүгін
Мақтанышпен айта алам.

Көше бойын жағалай,
Аспа шамдар тұр жанып.
Түнгі қала жайнайды
Күндізгідей нұрланып.

Сыр бойында осындай
Сәулетті бір қала бар.
Гүлзар бақта ойнайды
Шат - шадыман балалар.

Әр аулада салынды
Балалардың алаңы.
Сол алаңда балалар
Допты теуіп барады.

Мен де жүрмін құрбыммен
Жүгіріп те секіріп.
Анам отыр қарайлап.
Қалмаса деп мертігіп.

Кеш болғанын байқамай,
Жүрміз ойнап әлі де.
Балалардың шуылы
Ауламыздың сәні де.

Мен де туған қаламды
Айтып әркез мақтанам.
Көркейгенін күн сайын
Көремін де шаттанам.
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің
1 "Б" сынып оқушысы Шілдебаева Айзере Сұлтанқызы
Мұғалімі Еспенбетова Зағира Нағметуллақызы



Қызылорда

Қызылорда, жақынсың,
Алғаш сенде шықты үнім.
Өзің жайлап жатырсың
Жанның терең түкпірін.
Тер шұбырып маңдайдан,
Болғанда ел ақтабан.
Ауып алыс Торғайдан,
Әкем Сырға тоқтаған.
Кешікпей аз жылдан соң,
Өмір мені шақырды.
Сыр бойында туған соң,
Сырбай қойды атымды.
Аялаған бір сенсің,
Сенде өтпеді қай күнім.
Анкетама тіркелсін,
Жарлылығым, байлығым.
Ескі қамал болғанмен,
Қызылорда жас қалаң.
Алғаш соққан қорғанмен,
Сенсің, Қызыл астанам.
Ұмытпан Сыр жағасын,
Жаста өскен мекенім.
Бір кеудемде ағасың,
Торғайменен екеуің.
Сырбай Мәуленов
14.01.2014
Вернуться назад