DataLife Engine / Ақтөбе қаласы

Ақтөбе қаласы

Ақындай оқитұғын жатқа өлеңін,
Даусымды көптен бері баптап едім.
Бұлбұлым көмейдегі ән салды ғой,
Төбесі көрінгенде Ақтөбенің.
Қия алмай Күн де көзін қадап өткен,
Атына атағы сай қала неткен.
Достардың құшағына қойып кеттім,
Түсе caп ақ құс - әйдік самолеттен.
Болсам да бүгін қонақ төріңдегі,
Жатсынып отырған жоқ елің мені.
Лүпілін жүрегімнің ұқтырамын,
Бір нәзік дірілменен демімдегі.
Жас жаным достық десе өбектеген,
Орал деп, Ақтөбе деп бөлектемен.
Жатырған Жайығыммен жарыса ағып,
Бір сәлем өзеніңе Елек деген.
Айта алман жүйрікпін деп танымалы,
Атпаған алдымда көп таңым әлі.
Бірақ та сені жырға қосу үшін,
Сырлы сөз, тыңнан теңеу табылады.
Далиған даланы осы көрікті етіп,
Самалы ерке Електің өбіп бетін.
Ақтөбем, көсіліп-ақ жатырсың-ау,
Бір шетің кеңістікке еніп кетіп!

Әлібек Түймәлиевке
Автор: Айтқали Нәріков‎


Ақтөбе – сүйікті мекенім!
Ақтөбе, туған елім – мекенім
Сені мәңгі құрметтеп мен өтемін
Ыстық маған суың, тасың, тауларың
Әрқашан да сені мақтан етемін!
14.01.2014
Вернуться назад