DataLife Engine / Бұқар жырау (Әлемді түгел көрсе де)

Бұқар жырау (Әлемді түгел көрсе де)

Әлемді түгел көрсе де
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жүлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де –
Қызыққа тоймас адамзат!

Ілімді түгел білсе де,
Қызығын қолмен бөлсе де,
Қызықты күні қырындап,
Қисынсыз күйге түссе де –
Өмірге тоймас адамзат!

Жақындап ажал тұрса да,
Жанына қылыш ұрса да,
Қалжырап, көңілі қарайып,
Қарауытып көзі тұрса да –
Үмітін қоймас адамзат!
08.01.2014
Вернуться назад