DataLife Engine / Бұқар жырау (Айналасын жер тұтқан)

Бұқар жырау (Айналасын жер тұтқан)

Айналасын жер тұтқан
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе азайып,
Көл суалмас демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан
Дәулет таймас демеңіз.
Жарлыны жарлы демеңіз,
Жарлы байға тең келіп,
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз.
Жалғызды жалғыз демеңіз,
Жалғыз көпке теңеліп.
Бір жаһанда соғысып,
Кегін алмас демеңіз.
Құландар ойнар қу тақыр
Қурай бітпес демеңіз.
Қурай бітпес құба жон
Құлан жортпас демеңіз.
Құрсағы жуан боз бие
Құлын салмас демеңіз.
Қулық туған құлаша
Құрсактанбас демеңіз.
Қу таяқты кедейге
Дәулет бітпес демеңіз.
08.01.2014
Вернуться назад