DataLife Engine / Әбіш Кекілбайұлы (Археология)

Әбіш Кекілбайұлы (Археология)

Жер үстінде қызыл төмпек құм қалды,
Талай шөптің қыршып кетті тамырын,
Археолог қырнап - жонып жылдарды,
Ғасырлардың аршып жатыр қабығын.
Қасапшыдай қос білегін сыбанып,
Қолда пышақ жалақ - жалақ етеді.
Жердің төсін көптен жапқан құлазып,
Ту биенің сүбесіндей кеседі.
Археолог тандайын көп қағады,
Қасапшыдай қалың майға сүңгіген,
Қызыл оба - қызылы жоқ жабағы,
Жауыз жылдар бауыздаған сүңгімен.
Қызыл оба - қызылы жоқ жабағы,
Жауыз жылдар жайратыпты сүңгімен.
Археолог, аялдашы шамалы,
Бұл күннің де ет - жүрегін үңгімей.
Археолог - күрең білек қасапшы,
Ғасырлардың ішек - қарынын ақтарды.
Жер астынан тауып тат - тат масақты,
Сүртіп жатыр ұшындағы жас қанды.
05.01.2014
Вернуться назад