DataLife Engine / Әбіш Кекілбайұлы (Алматыда, күзді күні, бульварда)

Әбіш Кекілбайұлы (Алматыда, күзді күні, бульварда)

Күз келіпті - ау... Маңай түгел сап - сары,
Жадап - жүдеп қалған екен бақ тағы.
Қоңыр қаздың қаңқылдаған дауысы
Қайта - қайта "қош сау бол" деп қақсады.

Күз келіпті - ау... Маңай түгел сап - сары,
Жадап - жүдеп қалған екен бақ тағы.
Қоңыр қаздың қаңқылдаған дауысы
Қайта - қайта "қош сау бол" деп қақсады.
Теректер де жұлдырыпты кекілді,
Тауда тұман тастан тасқа секірді
Күз жауыны тырсылдайды жер шұқып,
Жем іздеген жетім шөже секілді.
Сабапты жел қайыңды көк жоса қып,
Жайратыпты қызыл гүлді қоса атып.
Сар жапырақ тұра бермей бұтақта
Жатыр орнын жаңа бүрге босатып.
Саудыр - саудыр саулап сары жапырақ,
Жатыр өбіп, жатыр өбіп сыз жерді.
Тұрушы еді жазда ылғи жылтырап,
Қайтсын енді ол... Қайтсын енді... Күз келді.
Желмен ұйтқып сар жапырақ борады,
Саудыр - саудыр саулап жатыр бақшада.
Паналап ек тұрғанында жоғары,
Түскенде енді аяғыңа таптама...
05.01.2014
Вернуться назад