DataLife Engine / Әбіш Кекілбайұлы (Айым сен деп жүр едім)

Әбіш Кекілбайұлы (Айым сен деп жүр едім)

Айым сен деп жүр едім,
Шығыпсың басқа аспанға.
Қапыда түсті жүрегім
Қасірет деген қақпанға.
Жарығына жат айдың,
Жаным - ау, қайтып телмірем?
Жалғанда қалай жасаймын,
Жайқалам қайтып енді мен?!
Жалғыз өзің - қаймағым,
Жалап кеткен жат мысық.
Жалғыз - ақ оқтан жайрадым,
Жүрегіме дат түсіп.
Бақыттың ауылы о шетте, -
Не бітірем енді өксіп,
Тағдыр деген төсекте
Өтемін де дөңбекшіп...
05.01.2014
Вернуться назад