DataLife Engine / Әбіш Кекілбайұлы (Адам қолы талай жауды жайратқан)

Әбіш Кекілбайұлы (Адам қолы талай жауды жайратқан)

Адам қолы талай жауды жайратқан,
Адам қолы талай бауды жайнатқан.
Адам қолы тіккен талай кебінді,
Адам қолы жуған талай жөргекті.
Адам қолы сепкен талай өлімді,
Адам қолы талай бесік тербетті.


Адам қолы талай жауды жайратқан,
Адам қолы талай бауды жайнатқан.
Адам қолы тіккен талай кебінді,
Адам қолы жуған талай жөргекті.
Адам қолы сепкен талай өлімді,
Адам қолы талай бесік тербетті.
Бір өңешті толтыра алмай қос қолмен,
Бұл жалғанда талай пенде босқа өлген.
Адам онда білмей рақат дегенді,
Адам онда сезбейтұғын шабытты,
Қолдар онда жазып зарлы өлеңді,
Қолдар онда көтеретін табытты.
Қолдар! Қолдар! Аян, аян өзіңе!
Оның бәрі өзің жазған шежіре!
Талай - талай таңбаң қалды уақытта,
Жылдар келді, жырлар туды не түрлі.
Бүгін қос қол болашаққа, бақытқа
Барар жолдың рельстері секілді.
05.01.2014
Вернуться назад