DataLife Engine / 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (О, Махаббат + видео)

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (О, Махаббат + видео)

О, махаббат, тәтті маған сезімсің,
Ұшырдың-ау, талай мені, белеске.
Сен мен үшін, айым едің, күнімсің,
Бұдан артық, маған бақыт, керек пе?

О, махаббат, күйдірдің-ау отыңа,
Керемет қой, қасиетті құдіретің.
Бара бергім, келе береді, жаныңа,
Аялайын, жақсы болсын, көңілің.

О, махаббат, көсем қылдың, біреуді,
Талайларды, бұл сезіммен, ерлеттің.
Жылаттың да, әндеттің де, көңілді,
Талайлардың, түбіне де сен, жеттің.

О, махаббат, қандай нәзік, сезімсің,
Қанат беріп, сан биікке, жеткіздің.
Сан биікте, самғататын, күшімсің,
Ерекше қылып, сен өмірді, көрсеттің.

О, махаббат, мас қыласың, адамды,
Бұл сезімсіз, бүкіл дүние, қараңғы.
Баурап алдың, бар күшіңмен, санамды,
Сен болмасаң, бұл күндерім, мұң қайғы.

О, махаббат, тербелейік бесікте,
Шын ғашыққа, бақыт болсын тілекте,
Бұл махаббат, бәрімізге керекте,
Соны ғана, сақтайықшы жүректе.

28.11.2013
Вернуться назад