DataLife Engine / Төлеген Айбергенов (Отырмын түнді жамылып)

Төлеген Айбергенов (Отырмын түнді жамылып)

Отырмын түнді жамылып,
Ауылда ояу мен ғана.
Самалын шайқап сапырып,
Кереді төсін кең дала.
Естіліп бәсең бақ шуы,
Төгеді нұрын жарық ай.
Жаңбырдан қалған қақ суы
Секілді сұйық сары май.
Нар болып жусап жатыр паң,
Өркешті дала қыр-жоны.
Қиналтып мені отырған,
Қиыспай тұрған жыр жолы.
23.11.2013
Вернуться назад