DataLife Engine / Төлеген Айбергенов (Махаббат! Неткен алып, қайратты едің)

Төлеген Айбергенов (Махаббат! Неткен алып, қайратты едің)

Махаббат! Неткен алып, қайратты едің,
Мен сені мұншалық деп ойлап па едім.
Тұсаулап, табандатып тағдырымды,
Қолына қара көздің байлап бердің.
Көп екен өмір сыры білгізбеген,
Жаны пәк таныстым да бір қызбенен,
Түріліп шаттығымның томағасы,
Сырласа бастадым ай, жұлдызбенен.
Көз алмай қарай бердім кіл шыңдардан,
Қиялдан қолын созып құлшынды арман.
Әйтеуір, сол бір қызға кездестім де,
Тап болдым қуанышқа тыншымды алған.
23.11.2013
Вернуться назад