DataLife Engine / Жамбыл Жабаев (Таппаспын сендей салақты)

Жамбыл Жабаев (Таппаспын сендей салақты)

Атаң сенің Таңат-ты,
Жұртты аузына қаратты.
Мені үйіңе шақырып,
Алып кепсің арақты.
Қарасаңшы, шіркін-ай,
Жырым-жырым балақты.
- Тарғап, Самсы ауылынан
Таппаспын сендей салақты.
Сарнасын ақын, сарнасын,
Төреге сөзін арнасын.
Тыңдамаса ол төре,
Халық тыңдар жалғасын.
08.11.2013
Вернуться назад