DataLife Engine / Жамбыл Жабаев (Бата)

Жамбыл Жабаев (Бата)

«Әумиін» деп қолынды жай,
Қабат тусын күн менен ай,
Алғаның болсын сайма-сай,
Қапалық болмай кезінде,
Ылғи болсын мамыражай.
Қос-қостан тауып ұл мен қыз,
Мінтені болсын жорға тай,
Ертең ерте біреуі
Қойға кетсін қудалап,
Түйеге кетсін біреуі
Екі көзін уқалап.
Егін ексін біреуі
Су сағасын томалап.
Оттың басын шаңдатып,
Біреуі жатсын домалап.
Жылқы бақсын біреуі
Асауларды күделеп.
Сөз сөйлесін біреуі
Көп ішінде сүбелеп.
«Жақсы лепес - жарты ырыс»,
Ескіден қалған мақал-ды.
Соза беріп қайтейін,
Бата аяғы тақалды.
08.11.2013
Вернуться назад