DataLife Engine / Мұқағали Мақатаев (Еш нәрсенің керегі жоқ)

Мұқағали Мақатаев (Еш нәрсенің керегі жоқ)

Еш нәрсенің керегі жоқ!
Керегі жоқ, шаршадым!
Басымда ұйып тұрып алды әлемдегі бар сағым,
Өніп-өскен топырағыма апарыңдар,
Тастандар,
Тауларымды,қара суды, Қарасазды аңсадым.
Енді емделсем,туған жердің топырағымен емделем,
Ескек желмен ентігімді басқанымды жөн көрем.
Heгe керек сән-салтанат, ию-қию, той-думан,
Таудың ерке тағысымын, тағысымын мен деген.
Тіптен маған керегі жоқ, керегі жоқ еш ненің.
Белгісіз-ақ болсын, мейлі, өскенім де өшкенім.
О, киелі шаңырағым!
Айналайын астанам,
Алдыңда егер айыбым мен күнәм болса
08.11.2013
Вернуться назад