DataLife Engine / Мұқағали Мақатаев (Аңса, жаным)

Мұқағали Мақатаев (Аңса, жаным)

Мен тілейін.
Жарқыным, сен де тіле:
Жақсылық орнасын де жер бетіне.
Аққу тіле айдынның келбетіне,
Айдын тіле аққуды тербетуге.
Мен аңсаймын.
Сен-дағы аңса жаным:
Жақсыдан жайлап ескен жан самалын.
Аңса, жаным,
Зарығып, шарша, жаным,
Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың.
Аңса, жаным!
Мен сағынам.
Сен-дағы сағын жаным,
Адамнан тек жақсылық табылғанын,
Ашусыз, ала көзсіз бауырлардың,
Аңсаймын алқам-салқам қауымдарын.
Көңілім болса-дағы қанша жарым,
Солармен білінбейді шаршағаным.
Жақсыдан жайлап ескен жан-самалын,
Жабықпай аңса жаным,
Аңса, жаным!..
01.11.2013
Вернуться назад