DataLife Engine / Мұқағали Мақатаев (Армысыңдар, адамдар!)

Мұқағали Мақатаев (Армысыңдар, адамдар!)

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?
Арма, өмір, бар елемді баурына алып шайқаған!
Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жараңдар?
Тату-тәтті бармысындар, армысыңдар, Адамдар!
Әлем - дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,
Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.
Ей, Адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!
Анамыз - Жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық,
Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық...
Армысың, сен, арамызда жалғыз перзент - Тыныштық!
30.10.2013
Вернуться назад