DataLife Engine / Тәуелсіздік күні құтты болсын

Тәуелсіздік күні құтты болсын

Құтты болсын ұлы мейрам қазағым
тәуелсіздік мынау күнді алғаның,
тәуелсіздік алдық мына біз бүгін
той тойлатып қуанып сен жатқанын.

Тәуелсізбіз қазір біздер ешкімге
жеттік тағы Аллам қолдап бұл күнге,
бейбітшілік тыныш заман болсын деп
шүкір дейік мынау ғажап өмірге.

Қазақ елі мәңгі болып жасасын
әрқашанда Аллам бізді қолдасын,
көк туымыз биіктерден көрініп
қарияның алайық біз батасын.

Қазақ деген ұлы елміз асқақтаған
ешқашанда ешқай жаудан тайсалмаған,
берекесі мықты болып қазағымның
аман болсын қазақ елі мыңдаған!!!

Ерік Еренғазыұлы
17.12.2018
Вернуться назад