DataLife Engine / Мұқағали Мақатаев (Адалмын деп, араммын деп айта алман)

Мұқағали Мақатаев (Адалмын деп, араммын деп айта алман)

Адалмын деп, араммын деп айта алман,
Адалдықпен бірге ойладым, бір күлдім.
Арамдықтын, кемесінде шайқалған,
Тектек болған тайыншадай ділгірдім.
Адалсың деп көңілімді көпсітпе,
Адалдықты ала келгем анамнан.
Арамсың деп өмірімді өксітпе,
Жұмыр басты пенде болып жаралғам...
Адалдығым, арамдығым байқалған,
Жырым менің - сырым менің - шар айна.
Адалмын деп, араммын деп айта алман,
Сен сұрама, жарай ма?
26.10.2013
Вернуться назад