DataLife Engine / Құттықтау Айдос - Айдана

Құттықтау Айдос - Айдана

Советхан мен Раушантайдың мерекесі
бұл өмірге келді өзінің немересі,
жездем менен апатайым құттықтаймын
немереңнің молдау болсын несібесі.

Ұлдан көрген немерең ғой өзіңнің
қастарыңнан еріп қалмай ол жүрсін,
апалатып аталатып сендерді
шаттанып та көңілденіп ол күлсін.

Айдана мен Айдос өзің жарадың
ата анаңа немересін сыйладың,
ата анаңды әрқашанда құрметте
солар үшін өзің тағы туғансың.

Берсін саған мына менің жолымды
Аллам берсін үш төрт саған ұлыңды,
мендей сенің үш төрт ұлын боп жатса
жоғалтпайсын ер жігіттей құныңды.

Аллам өзі сәбиіңді сақтасын
азамат болып жаманатқа қалмасын,
ұл дегенің қазынаң ғой ол сенің
әулетіңді жалғастырар жалғасың!!!

Нағашың. Ерік Еренғазыұлы
07.12.2018
Вернуться назад