DataLife Engine / Біздер үшін қуанған да,шарқ ұрған

Біздер үшін қуанған да,шарқ ұрған

Біздер үшін қуанған да,шарқ ұрған,
біздер үшін бар өмірі -жан құрбан.
Ең аяулы адамдардың есімін,
ұмыт қылсам мен болайын антұрған.
Тәртібімен түзу тартып ескегін,
көз алдымнан көрдім жылдар көшкенін.
Қарсы алғанмен ең арайлы таңдарды,
қайта оралмай кетті аяулы кештерім.
Махаббат па?
Көзі- шаттық, өзі -мұң...
Қаншама жыл тауыспастан төзімін,
ең алғашқы сол бір жанның ұсынған,
сақтап келем ең аяулы сезімін.
Ең аяулы есте қалған күндерім-
жүректегі солмайтұғын гүлдерім.
Ескірмейтін естеліктер сендермен,
ес ауысып кеткенімше біргемін...

Жангелді(Жан-сері)Немеребай
28.11.2018
Вернуться назад