DataLife Engine / Күнді аңсаған гүл сынды

Күнді аңсаған гүл сынды

Күнді аңсаған гүл сынды,
Солғын тарттым бір түрлі.
Бір сағыныш мұңайтты
Менің жарқын күлкімді.
Тасты жарған гүл сынды,
Көңіл көкке ұмтылды.
Өзімді,өзім түсінбей,
Ғұмыр кештім тылсымды.
Құшақтағы гүл сынды,
(Шыны көңіл мың сынды.)
Көлеңкелеу өмірде,
Сүйіп сендей сылқымды...

Жангелді (Жан-сері) Немеребай
28.11.2018
Вернуться назад