DataLife Engine / Жүсіпбек Аймауытов (Қыс)

Жүсіпбек Аймауытов (Қыс)

Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар.
Тон киіндік, тоңды мал.
Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар,
Боран жоқта тұман бар.
Қызыл шұнақ қызыл бар.
Суда айна тас мүсін бар,
Қылаулатқан қырау бар.
Боғы қатқан бұзау бар.
Үйіп алған отын бар,
Қалтыраған қатын бар.
Бүрсеңдеген лақ бар,
Сүмендеген қонақ бар.
Қыздар қылған шұжық бар,
Қонақ айтар қызық бар.
Ай, балалар, балалар!
Күнде оқуға жүрелік,
Үйренелік, білелік.
18.10.2013
Вернуться назад