DataLife Engine / Мағжан Жұмабаев (Ақсақ Темір сөзі)

Мағжан Жұмабаев (Ақсақ Темір сөзі)

«Жиһан деген нe нәрсе?-
Алақанның ауданы!
Бір ауданда көй Тәңірі
Болудың тіпті жоқ сәні.
Тәңірі - көктің Тәңірісі
Күңіренсін, көгін билесін!
Жер Тәңірісі Темірмін,
Жеріме Тәңірі тимесін!»
Көк Тәңірісі - Тәңірінің
Тұқымы жоқ, заты жоқ.
Жер Тәңірісі Темірдің
Тұқымы - түрік, заты - от!
07.10.2013
Вернуться назад