DataLife Engine / Ақпараттық технология - нәтижелі білім берудің көзі

Ақпараттық технология - нәтижелі білім берудің көзі

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру стратегиясын ұсынған. Жүзеге асырылуына және осы міндетті шешуге жәрдемдесетін дамудың жеті басым бағыты анықталған. Бұл шешуші басылымдылықтардың бірі осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады.
Білімді әрі сауатты адамдар ─ бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Ал баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Қазіргі мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-тәсілдерден, технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімінен жауапкершілікті талап етеді.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне қолдану мен оның тиімділігін арттырудың маңызы аса зор. Себебі ақпараттық технология ғана жаңа педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыра алады. Оқушы–оқу үрдісінің басты субъектісі, сондықтан баланың дамуына, оның ойлау қабілетін дамытуға оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы оқу процесіне қалыптастыру мен әр түрлі оқу іс-әрекетін қамтитын оқыту әдістерінің үйлесімдігі нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс.
Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту төмендегідей мақсатты көздейді: оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету.
Болжам:
–Егер жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында тиімді пайдаланса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады.
Еліміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты қазіргі кезеңде білім ең басты мәселе болып отырғаны баршамызға аян. Бұл білім берудің әлемдік деңгейіне сай болуды білдіреді. Олардың ең бастылары:
-білімнің әрбір адам тағдырындағы мәнділігін күшейту үшін оның дара тұлғаға бағытталуы;
-қоғамдағы рухани құлдыраудан арылу үшін білімді ізгілендіру;
-әр баланың білім алудағы өз қабілеті мен ынтасына сай туындаған сұранысын қанағаттандыру үшін білім беруді саралауды күшейту;
-көп нұсқалы білім алуға мүмкіндік жасау.
Осы жағдайлар өз шешімін тапқанда әлемдік білім кеңістігіне енудің маңызды шарттарының ең бастысы ─ оқушы құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі де іске асар еді. Осы тұрғыдан алғанда мектепте химиядан қолданбалы курстарды оқытудың маңызы зор деп есептейміз. Өйткені қазір мектептерде барлық жұмысты бірыңғай ұлттық тестілеуге даярлап, жоғары сапа көрсетуді бірінші кезекке қойған кезең екендігі жасырын емес. Ал оқушылар арасында химия пәнін таңдау өте сирек, себебі химияны таңдаушылар үшін ұсынылған мамандық түрі аз. Сондай-ақ, химия қиын пәндер қатарынан болып саналады. Бірақ осындай қайшылықтарға қарамастан химия ─ жаратылыстану пәндерінің бірі ретінде оқушылардың жан-жақты жарасымды жетілуіне, химиялық сауатты болуына қажетті білім беретін, яғни құзыретті жеке тұлғаны тәрбиелеуге өзіндік үлес қосатын пән болып табылады.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу─мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабақта:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-зертханалық тәжірибелер;
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабақта видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.
Ақпараттық технологияларды сабақ үстінде пайдаланудың формалары мынадай болып келеді:
- сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды түсіндіру, оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту, оқушылардың білімін бақылау, жеке жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты іздестіру;
- сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен қолдануы, яғни үй тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, өзіндік бақылау;
- мұғалімнің сабаққа даярлық кезеңінде қолдануы, яғни арнайы материалды іріктеп алу, тапсырмаларды дайындау және т.б.
АКТ әдістерін төмендегідей бірнеше бағытта қолданып отыруға болады:
1. Химиялық үрдістерді сипаттап, талдау жасау үшін компьютер немесе басқа да ақпараттық құралдар арқылы көрнекілік ретінде суреттер, диаграмма мен бейнероликтерді кеңінен қолдануға болады.
2. Оқушылардың есту, көру қабілеттерін дамыту үшін табиғаттағы заңдылықтар мен үрдістерді анимация арқылы қолдануға тиімді. Мысалы: химиялық процесстер, химиялық өндірістер және т.б.
3. Мультимедиялық оқулықтар көмегімен күрделілігі жөнінен түрлі деңгейдегі химиялық тапсырмалар мен зертханалық жұмыстарды орындауға болады.
4.Алған білімдерін тексеріп, бекіту өте тиімді.Қазіргі кезде оқытудың жаңа үрдісіне сай мектепке барлық пәндерден тест әдісі кеңінен қолданылады, тіпті ҰБТ тапсыру үшін де. Әсіресе тарау,тақырыпты қорытып,қайталауда тест тапсырмаларын оқушылар қызыға орындайды.
АКТ-ны сабақта қолданудың тиімділігі:
- уақытты үнемдейді;
- оқушының жан-жақты білім алуына септігін тигізеді;
- білімін кешенді әрі үнемі тексеріп бақылауға мүмкіндік береді;
Химия сабағында АКТ қолдану тек оқу үрдісін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге оқушының да көптеген қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді.Атап айтқанда:
- оқушының сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады;
- әр түрлі мәселелерді шешу жолдарын іздестіру арқылы танымдық қабілетін дамытады;
- логикалық ойлау қабілетін дамытады;
- жеке немесе топпен жұмыс жасауға дағдыландырады;
- қоғамдағы өз ұстанымдары жайлы ой-өрісін кеңейтеді.
Қазіргі таңда барлық химия кабинеттерінде интерактивті тақта кеңінен қолданылып жүр және ол оқытудың тиімділігін арттыруға септігін тигізіп отыр.
Оның мүмкіндіктері төмендегідей:
1. сабақ кезеңдерінде уақытты үнемдеуге көмектеседі;
2. дайындалған материалды қайта-қайта қарауға мүмкіндік береді;
3. оқушы мен мұғалімнің шығармашылығында әңгімелерін әрлеуге көмектеседі;
4. дамыта оқыту тапсырмаларын жасау мүмкіндігі мол;
5. интерактивті тақта кітапханасы арқылы кез келген сурет, материалдарды алу мүмкіндігі бар;
6. бейне сапасын сақтауда және қызықты фрагменттерді немесе бейнелерді экранда үлкейту мүмкіндігіне ие.
Сонымен сабақ үрдісінде интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болатыны анық. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, оқушылардың дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге дағдыландырады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді және тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Ал жауап нәтижелерін бақылап, оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға болады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.Жаңа ақпараттық технологияларда электрондық тесттерді қолдану оқудың тиімділігін көтереді,сонымен қатар оқушының бірден-бір өздігінен жұмыс істеу құралы болып табылады.Тестік формадағы тапсырмалар қысқа сұрақтардан тұруы тиіс.Техникалық құралдар арқылы тестті тез әрі нақты және үнемді орындауға болады.Электрондық тесттерді оқу үрдісінің кез келген кезеңінде қолдануға болады.Электрондық тесттерді «Aktivstudio Professional Edition V3 “бағдарламасындағы « Оценка тест» бағдарламасымен құрастыруға болады. Мұғалім алдын ала дайындалған тест арқылы кез келген уақытта сабақта өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексере алады және оқушы электрондық тесттер арқылы өзін-өзі тексере алады. Мысалы, сабақта оқушыларға мынадай тесттік тапсырмалар беруге болады:
1. Бейэлектролиттер арасындағы электролиттер
А) H2SO4
Б) Na2SO4
В) O2
Г) KOH
Д) CO2
2. Қатарда артық
А) H2
Б) C6H12O6
В) H2O(дист.)
Г) NaNO3
Д) CO2
3. Электролиттік диссоциация теориясының негізін қалаушысы
А) Аррениус С. Б) Каблуков И.
В) Кистяковский В.
4.Дұрыс жазылған диссоциация үрдісі
А) KI K++I-
Б) KI→K++I-
В) KI K+I
Г) KI K-+I+
5. Электролиттер арасындағы бейэлектролиттер
А) Cu(OH)2 Б) H2 В) HCl Г) CH4 Д) CuSO4
6. Қатарда артық
А) NaOH
Б) C12H22O11 (сахароза)
В) ZnSO4
Г) BaCl2
Д) HNO3
Қорыта келгенде, ақпараттық технологияның тиімділігі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар екендігі анықталды. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Демек, компьютер оқушылар мен мұғалім жұмысын ұйымдастыруда кең мүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық технологияны сабақта қолдану оқушының іс-әрекетін, жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін белсендіреді, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Ақпараттық технология арқылы жасалатын тест тапсырмалары уақытты, шығынды үнемдеуге көмектесе отырып оқушылардың өз білімін бағалауға үйретеді. Ең бастысы, оқушылардың өзіндік білім алуын қамтамасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу, тауып алу дағдыларын дамытады. Сондықтан ақпараттық технологияларды сабақта үнемі және жүйелі қолдану оқушылардың пәнге қызығуларын оятып, сабақтың сапасын арттыруға кеңінен жол ашады.
11.10.2018
Вернуться назад