DataLife Engine / Мұхтар Шаханов (Оралу)

Мұхтар Шаханов (Оралу)

Нақ төрінен мәңгі ит жығыс түсіп жатқан майданның,
Жігеріңмен көктен өтіп,
Ұлт мүддесін шекпен етіп,
Төбең бір сәт көкке жетіп
Өз өлкеңе ескерткіш боп оралдың ба, айдарым!
Жетекке алып саналы арман,
Бүршігінді жаңа жарған шағыңда,
Денең қалып сонау Семей түрмесінің маңында
Мойынқүмның топырағын қайта бастың кемелдеп,
Ара жігін ерлік пенен ездіктің
Бір-ақ қадам екендігін дәлелдеп.
Қиын сәтте жалау еткен намысын,
Даңқың ассын, қайсар үлан, жанын қиған ар үшін.
Ноғайбайдың перзенті боп Алматыға кетіп ең,
Бар қазақтың мақтаны боп қайта оралдың, арысым
18.09.2013
Вернуться назад