DataLife Engine / Махамбет Өтемісұлы (Шонты биге)

Махамбет Өтемісұлы (Шонты биге)

Әй, Шонты би, Шонты би!
Домбыра тартсам, келер күй.
Шын ажалың жетпесе,
Ажалдан бұрын өлмессің,
Жалаңаш бар да жауға ти!
Ажалдан бұрын өлмессің,
Тілесем - тілек бермессің,
Жыласам - көзімнің жасын
көрмессің.
Алақандай Нарында
Мүкәммалым шашылды.
Жүр десем оған жүрмессің.
Құр әңгімеден басқа
Еш нәрсені білмессің!
10.09.2013
Вернуться назад