DataLife Engine / Махамбет Өтемісұлы (Шегініс)

Махамбет Өтемісұлы (Шегініс)

Толғай-толғай жүгірген,
Топырақты суырған,
Ертеден салса, кешке озған,
Ылдидан салса, төске озған
Томаға көзді қасқа азбан
Қой мойынды көк жұлын -
Көк жұлынды жетелеп,
Қисық жерден төтелеп,
Қабырға, қол сөгіліп,
Арғымақ ат бүгіліп,
Әзіреттен ант ішіп,
Ақыретті жанға байланып,
Талай жүрдік далада
Әділ жаннан түңіліп.
10.09.2013
Вернуться назад