DataLife Engine / Махамбет Өтемісұлы (Мен тауда ойнаған қарт марал)

Махамбет Өтемісұлы (Мен тауда ойнаған қарт марал)

Хат оқиды молдалар
Қаламмен тартқан сиядан.
Екі кісі тең барса,
Оңды төре береді
Ақылға жетіп би адам.
Мен тауда ойнаған қарт марал,
Табаным тасқа тиер деп,
Сақсынып шыққан қиядан.
Қайыңның басын жел соқса,
Қаршыға құс қайғырар,
Балапаным суға кетер деп,
Мамығын төккен ұядан.
Ол - дағы біздей болған сорлы екен!
10.09.2013
Вернуться назад