DataLife Engine / Махамбет Өтемісұлы (Мен едім)

Махамбет Өтемісұлы (Мен едім)

Боз ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Ел құтқарар ер едім, -
Жандаспай ақыры бір тынбан.
Томағалы сұңқар мен едім, -
Толғамалы найзамен,
Толықсып жауға шапқанда,
Бір озғанмын жұртымнан.
Ер дұшпаны көп болар,
Қатын дұшпан, жігіттер,
Не демес дейсің сыртымнан.
10.09.2013
Вернуться назад