DataLife Engine / Махамбет Өтемісұлы (Күмісті мылтық қолға алып)

Махамбет Өтемісұлы (Күмісті мылтық қолға алып)

Күмісті мылтық қолға алып,
Көлден қуларды ұшырдым.
Қолымдағы құсымды
Қапылыңпен ұшырдым.
Алтыннан әйбәт тор жасап,
Ақырда қолға түсірдім.
Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын,
Шамырқансам, шатынап сынар болатпын.
Құс ілген ңуда сын жоқ ұятпен.
Жігіт жауға шаппай қалар деймісің? -
Қанды көбе киініп,
Бір аллаға сиынып,
Кезенген жауға кез келдік
Жалаң найза бір атпен!
10.09.2013
Вернуться назад