DataLife Engine / Махамбет Өтемісұлы (Ерлердің ісі бітер ме?)

Махамбет Өтемісұлы (Ерлердің ісі бітер ме?)

Беркініп садақ асынбай,
Біртіндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жаурын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
Балдағы алтын құрыш болат,
Балдағынан қанға боялмай,
Қасарысқан жауына
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?
10.09.2013
Вернуться назад