DataLife Engine / Махамбет Өтемісұлы (Елмен қоштасу)

Махамбет Өтемісұлы (Елмен қоштасу)

Атама менің сәлем айт,
Атын басқа байласын,
Еменнен найза сайласын.
Достыны достым демесін,
Басының тапсын пайдасын.
Досты болып жүргендер
Жау болып келді көріне.
Беліне садақ байланып,
Бір келмеді-ау деніме!
Қайрыла алмай барамын
Қайран да қалған еліме.
Амандаспай аттандым
Ата-ана, қарыма.
Жолығыспай жөнелдім
Тәңірі қосқан жарыма.
10.09.2013
Вернуться назад