DataLife Engine / Махамбет Өтемісұлы (Атадан туған аруақты ер)

Махамбет Өтемісұлы (Атадан туған аруақты ер)

Атадан туған аруақты ер
Атадан туған аруақты ер
Жауды көрсе, жапырар
Үдей соққан дауылдай.
Жамандарға қарасаң,
Малын көрер жанындай.
Жүйрік аттың белгісі
Тұрады құйрық-жалында-ай.
Айтып-айтпай немене,
Халық қозғалса,
Тұра алмайды хан тағында-ай!
01.05.2019
Вернуться назад