DataLife Engine / Махамбет Өтемісұлы (Арғымаққа оқ тиді)

Махамбет Өтемісұлы (Арғымаққа оқ тиді)

Арғымаққа оқ тиді
Қыл мықынның түбінен.
Ер жігітке оқ тиді
Ауыз омыртқаның түбінен.
Жантайып жатып көп іштім
Жаздықтың шалшық көлінен.
Қайтейін енді, дүние - ай!
Жағдайсыз кетіп барамын
Қасымда көмектің кемінен.
Мен ақ сұңқардан туған қудаймын,
Бір сұңқарға жұбаймын
Сауырыма қамшы тигенде,
Шаппай не ғып шыдаймын
Түбін қазған мен бәйтерек,
Толқуменен құлаймын.
10.09.2013
Вернуться назад