DataLife Engine / Бақдәулет Арыстан (Мен саған)

Бақдәулет Арыстан (Мен саған)

Сен мені ойламайсың оны білем,
Сен мені түсінбейсің толығымен!
Мен саған ақ бозатпен барғым келед
Басқа жан келіп тұрса көлігімен.

Бақытқа апаратын жолды білем,
Жүректі жұбатуға көндіріп ем.
Мен саған өлеңіммен барғым келед
Басқа жан келіп тұрса доллырымен.

Білемін жүрген жоқсың ақынды ойлап,
Оқыйсың өлеңімді, хатымды ойнап.
Мен саған шын сезіммен барғым келед
Басқа жан келіп тұрса жатуды ойлап!

Өзіңмен амалсыздан достасып ем,
Жүре бер мейлі жаным басқасымен.
Мен саған тек шынайы барғым келед
Басқа жан келіп тұрса маскасымен!
31.10.2017
Вернуться назад