DataLife Engine / Бақдәулет Арыстан (Кешір Алла)

Бақдәулет Арыстан (Кешір Алла)

Бисмиллә
Жараткан ием озіңе ғана табынам,
Кулынды кешір?
Жаман адеттен арылам...
Кешірші мені, кунәмді кешір ия Алла?
Өмір жолымнан адастырмашы жалынам?

Жалынам саган кулына ләйім жак болшы?
Адастырмашы, мумкундік берші, бақ берші?
Кешірші Алла, кешіре корші құлыңды?
Тек жүрегіме бір уыс иман сап берші?

Жүрекке иман, ақылды берші басыма?
Амандық берші, адалдық берші асыма?
Кешірші Алла, кешіре көрші пендеңді
Коса көр мені иманды жанның касына?

Мейіріміңді төге көр маған Жаратқан?
Тек сенің ғана қалауыңменен таң атқан.
Сенемін саған, тілерім енді ия Алла
Адам қыл мені, елін аузына қаратқан!

Адал жолыңнан тайдыра көрме Тәңірім?
Өзіңнің ғана болады білем әмірің.
Кешірші Алла?
Тілегенімді қабыл ет?
Құлыңмын сенің, өткеннің білдім қадірін.

Кешірші Алла, сен барсың, сезем, білемін
Күнәмді кешір, кірлемесінші жүрегім?
Тек сенен ғана жәрдем сұраймын Жаратқан
Сақтай көр мені, бақ берші маған тілегім?

Ия жалғыз Алла келмейді менің ұрынғым,
Адастырмашы, құламасам да, сүріндім.
Саған құлшылық етуді маған нәсіп ет
Кешірші Алла, тілегін алшы құлыңның?

Адастырмашы, көрсете көрме ауырды,
Ия жалғыз Алла, алшақ ете көр жауымды.
Тек сенің ғана жылай аламын алдыңда
Сақтай көрші Алла, ата-анам менен бауырды?

Өнердің енді арғымағына мінейін,
Қабыл етші Алла?
Адам боп өмір сүрейін.
Есіміме сай бақ, дәулет берші Жаратқан
Иман бере көр шүкірлік етіп жүрейін???
Кешір Алла???
31.10.2017
Вернуться назад