DataLife Engine / Бақдәулет Арыстан (Алаңдаймын)

Бақдәулет Арыстан (Алаңдаймын)

1. Өзіңді ойлап батамын тұнық мұңға,
Өзге жанның құшағын жылыттың ба?
Амал қанша ақ құсым қолдан ұшты,
Тағдыры оны жылатпа?
Келмейді екен бірақ та
Ұмытқым да...

Қ/ы

Өкінішпен өткенге
Өртенеді от кеуде
Жаз да, қыс та, күзде де, көктем де
Уайымдаймын көп менде...

Қандай екен жан-жары,
Мұңды ма деп таңдары,
Ғұмырына алдағы
Алаңдаймын!

2.Мен сен үшін тек қана ән болайын,
Қалай естен шығарып алданайын?
Сағыныштың сөндірмей таңғы арайын
Барып бала кезіме
Бір көрінші көзіме?
Таң қалайын...
31.10.2017
Вернуться назад