DataLife Engine / Серікбай Маханов (Келді көктем)

Серікбай Маханов (Келді көктем)

Түрленіп жер қойнауы бүрін жарды ,
Көк көктеп жасыл кілем түрін салды .
Рауан боп таң шапағы атқан шақта
Іздеп жүр шыбын – шіркей шырын балды .

Төбеңнен Күн сәулесі шашырайды ,
Оятып тіршілікке бар маңайды .
Тізіліп құстар келді әнін салып
Қиқулап көк жүзінен қалықтайды .

Өркеш бұлт ақ мамықты жастанады ,
Кең дала гүл қоңырау тағынады .
Мөп – мөлдір бұлақ ағып , арна іздеп
Жағаға қыз —- жігітті шақырады .

Өзгеріс болып жатыр қас - қағымда ,
Найзағай ойнақтады аспанымда .
Түйрелеп бұршақтарын атқан кезде
Кірерге жер таппайсың сасқаныңда .
07.10.2017
Вернуться назад