DataLife Engine / Серікбай Маханов (ӨЛЕҢ ЕТІП)

Серікбай Маханов (ӨЛЕҢ ЕТІП)

Кеттің бе , мазасыз боп ұлы тәңір ? ,
Көгіңнен тілеп едім нұрлы жаңбыр .
Құр бекер ұйытқытып бұлтты қума
Өтінем нөсер төккіз жерді қандыр !

Қалды ғой жауын жаумай көптен бері ,
Жер ана сағынады көктен селді .
Долы жел айтқанынан қайтар емес
Аямай сорып жатыр беттен сөлді .

Қалайша жазаламас тәңір өзі ,
Өзгерсе заманында өмір сөзі .
Жалқаулар ұйқысынан оянбайды
Тірлігін керек етпей көңілдегі .

Сел болып жауар болсаң күркірегін ,
Менде бар саған қояр бір тілегім ?
Сезімнің ақ жаңбырын төгіп өтші
Ұшырсын бұл жүрегім жыр түлегін .

Көз жасым көңіл шығы тамшылама ,
Тәңірім сөз асылын қамшылама ?
Толқыған ойларымды ұстап алып
Байлайын өлең етіп қанжығама !
07.10.2017
Вернуться назад