DataLife Engine / Серікбай Маханов (ДҮНИЕ КЕРУЕН)

Серікбай Маханов (ДҮНИЕ КЕРУЕН)

Барасың қайда асығып ,
Төбеден Күнді жасырып ?
Таң нұры жылжып биіктен
Сәулесін жатыр асырып !

Тізгілеп барқыт сай – сала ,
Өзгерді аймақ айнала .
Қазанын жуып көк нөсер
Төгеді қаймақ тап – таза .

Жап – жасыл желек жамылған ,
Қырлардан гүлдер тағынған .
Дүниең жалған керуен
Жылжиды алтын тағынан .

Айнала толған шаттық үн ,
Айналып өтті Күн мен Түн .
Табиғат сырын түсінгін
Жадырап тұр ғой ашық күн .

Бояуға малып маңайды ,
Тоғайда бұлбұл сайрайды .
Теңеліп бәрі тамаша
Заманым гүл – гүл жайнайды .
07.10.2017
Вернуться назад