DataLife Engine / Серікбай Маханов (КҮЗ СУРЕТІ)

Серікбай Маханов (КҮЗ СУРЕТІ)

Өзгертті күннің нұры жаздың тағын ,
Бақтардың жаңалаштап жапырағын .
Сұрша күз ен байлықты именденіп
Еңбектің тасқындатты дариясын .

Жамылған жасыл – желек кең даланың ,
Бояуын сырып тастап гүл лаланың .
Табиғат қабақ шытып сілкінеді
Суырып қоқымдарын сай – саланың .

Бергендей күз суретін келістіріп ,
Құстар ұшты сағынышты ілестіріп .
Күн көзі тау бөктерін төске алып
Жер бетін қырау шалды сірестіріп .

Сыйласа еңбек – ырыс күйін саған ,
Көрсеттің бейбіт елдің үйін маған .
Өлең боп алтын күзде ақтарылшы
Көңілім махаббатқа ұя салған .
07.10.2017
Вернуться назад